Бокс

Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің жоспарын айтты

Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің жоспарын айтты

Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG жасы ұлғайған сайын өзінің ең жақсы жылдарында онымен жұдырықтасуға батылы бармайтын басқа боксшылар үшін әлдеқайда тартымды нұсқаға айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ Том қазақстандық боксшының мансабын жалғастыруға ниетті екенін және келесі жекпе-жекте міндетті қарсыласпен кездесетінін еске салды. Головкиннің қазіргі міндеттті қарсыластары – бразилиялық Эскива Фалькао мен кубалық Эрисланди Лара.

«Геннадий әлі де орта салмақтағы чемпион. Ол әлі де осы салмақта титулдарға ие және мен оның келесі жекпе-жегінде титулды қорғайтынына сенімдімін. Қазір оған HBO-да өнер көрсеткен бұрынғы күндермен салыстырғанда жекпе-жек өткізу оңайырақ. Ол кезде көптеген боксшылар онымен жұдырықтаспау үшін әлем титулдарын босатты. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Бір қызығы, енді Геннадий жақында 41 жасқа толады, ал кенеттен оны жұдырықтасуға көптеп шақыра бастады. Бірақ мен Геннадийдің соққы күші ешқайда кеткен жоқ деп айта аламын», - деп ескертті Леффлер GGG-нің ықтимал қарсыластарына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0