Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Мокин карьерасын аяқтамайды

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Мокин карьерасын аяқтамайды

41 жастағы қазақстандық қақпашы Александр Мокин Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, спорттан кетуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпан айында ардагер жалпы топта жұмыс істеуге дайын болады.

Өткен маусымның ортасында Мокин ауыр жарақат алып, оның орнына «Тобыл» қақпасын ресейлік Тимур Акмурзин қорғаған болатын.

Мокиннің қостанайлық клубпен келісімшарт аяқталды. «Тобыл» футболшыға жаңа келісімшарт ұсынған жоқ.

Бұған дейін қостанайлық команда Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсенмен келіссөз жүргізген еді, бірақ ойыншы «Ордабасыға» ауысты.

Балқандық Милич Черчич басқарған «Тобылға» Белорусь қақпашысы келеді. Ойыншының есімі әзірге жарияланған жоқ.

Александр Мокин «Тобылдан» бөлек, «Жігер», «Достық», «Астана» (бұрынғы «Жеңіс»), «Алма-Аты», «Астана», «Шахтер», «Оқжетпес» командаларында өнер көрсеткен. Ал Қазақстан құрамасы сапында 22 матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или