Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер Делидегі жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Делидегі жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандықтар Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, А.Нұпбай мен А.Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі арасында еліміздегі ең табысты жұп болып саналады.

Олар финалда таилық дуэтті 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Өткен жылы қазақстандық жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Барлығы олар осымен 10 титулға қол жеткізді.

«Жыл басында жеңіске жеткен маңызды. Қазіргі деңгейіме ризамын, бұдан кейін де бабымда боламын деп ойлаймын. Асылжанға рахмет, додада қиын матчтар болды. Біз содан сәтімен шыға білдік», деді А.Нұпбай.

«Бұл - Айя екеуміздің оныншы титулымыз. Жаңа маусым басындағы табыс тың жетістіктерге жетелейді, күш береді. Федерация мен Team Kazakhstan академиясының барлық бапкерлеріне алғыс айтамыз», деді А.Арыстанбекова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0