Хоккей

«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-дан жеңіліп қалды

«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-дан жеңіліп қалды

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен матчта елордалық «Барыс» ЦСКА-дан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:5 есебімен аяқталды.

Жеңімпаздар қатарында Матвей Гусков, Константин Окулов, Сергей Плотников, Максим Мамин және Антон Слепышев голдың авторы атанды. «Барыс» сапында Сағадеев пен Дмитрий Шевченко бір голдан соқты.

Еске салайық, 14 қаңтарда «Барыс» «Нефтехимик» командасын қабылдайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 2:5 (0:1, 2:2, 0:2)

Шайбалар:
0:1 — 11:37 Гуськов (Мингачев, Ярош). 
0:2 — 20:29 Окулов (Каменев, Плотников).
1:2 — 21:50 Сағадеев (Михайлис). 
2:2 — 29:44 Шевченко (Вей). 
2:3 — 36:45 Плотников (Мамин, Провольнев). 
2:4 — 48:15 Слепышев (Нестеров, Соркин). 
2:5 — 53:25 Мамин (Светлаков, Провольнев). 

Қақпашылар: Бояркин — Рейдеборн

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0