Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтағы Нонтхабури 2 ITF W40 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші израильдық Лина Глушкомен бірге алдымен жапониялық Киока Окамура – таилық Пеангтарн Плипуекті 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін қазақстандық-израильдық дуэт ширек финалда таилықтар Чомпоотип Джандакет – Тамачан Момкунтодпен шеберлік байқасты.
Ж.Құламбаева мен Л.Глушко 7:6 (7:2), 6:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или