«Милан» қақпашысы Майк Меньян жақын арада алаңға оралмайтын болды

«Милан» қақпашысы Майк Меньян жақын арада алаңға оралмайтын болды

Майк Меньян жақын арада алаңға оралмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, «Милан» қақпашысына қалпына келу үшін тағы 40-50 күн қажет болады.

Осылайша, қақпашы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің басын өткізіп алуы мүмкін. «Милан» 1/8 финалдағы алғашқы ойынын 14 ақпанда «Тоттенхэм Хотспурға» қарсы өткізеді.

Еске салайық, француз 22 қыркүйектен бері алаңға шықпаған. Ол Ұлттар лигасы аясындағы Австрияға қарсы ойында (2:0) аяғын жарақаттап алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или