Алыкпачев OCTAGON 39 турнирінде өнер көрсетеді

21 қаңтарда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек промоушенінің 2023 жылғы алғашқы турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
OCTAGON 39 турнирінің негізгі кардында жартылай жеңіл салмақта ресейлік Азамат Алыкпачев (3-3) пен Өзбекстан өкілі Мухаммаджон Курбонов (8-4) жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Азат Мақсум (15-0) бразилиялық Фабрисио Нуньеспен (8-0) кездеседі.
Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы