Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» – ЦСКА матчының тікелей трансляциясы

ҚХЛ: «Барыс» – ЦСКА матчының тікелей трансляциясы

12 қаңтарда «Барыс» хоккей клубы өз алаңында Гагарин кубогының қазіргі жеңімпазы мәскеулік ЦСКА-ны қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық команда плей-офф кезеңіне шығу үшін әр ұпай маңызды, сондықтан олар қарсыластың атағына қарамай, жеңіске жетуге тырысады. 

Дегенмен ЦСКА-ға да жеңіс қажет. Олар Батыс конференциясында екінші орынға таласып жатыр. Бәсекелестік күшті, сол үшін бүгін олар да аянып қалмайды. 

«Барыс» – ЦСКА матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:20-да басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0