Үш қазақстандық файтер Ресейде жекпе-жек өткізеді

28 қаңтарда Ресейде өтетін Champion FC лигасының турнирінде үш қазақстандық файтер жекпе-жек өткізеді.
Кештің басты жекпе-жегінде NAIZA лигасының чемпионы Серік Разғалиев бразилиялық Дуглас Альвеспен кездеседі.
Екінші басты жекпе-жекте Шүкір Сағынай ресейлік Шарапудин Магомедовпен күш сынасады.
Сондай-ақ кеште Мерей Уаис ресейлік Дмитрий Михайлидимен айқасады.