Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин OCTAGON 39 турнирінде өнер көрсетеді

Алматыдағы OCTAGON 39 турнирі аясында жеңіл салмақта тартысты жекпе-жек өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Еуразиялық промоушеннің ең жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин (10-3) октагонға шығады.
Қазақстандық спортшының қарсыласы Әзербайжан спортшысы болады, оның есімін ұйымдастырушылар кейінірек жариялайды.
Ғабдуллин OCTAGON лигасында әлі жеңіліп көрген жоқ, кейінгі жекпе-жегінде отандасы Досбол Елегенді (10-7) жеңіп, ең жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион титулына қол жеткізді.
Айта кетейік, OCTAGON 39 турнирі 21 қаңтарда Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (15-0) өнер көрсетеді.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы