Бокс

Серік Мұсаділов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Серік Мұсаділов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Бірінші ауыр салмақтағы жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) көктемде жекпе-жекке шығады.

BoxRec.com хабарлауынша, «Панда» лақап атымен белгілі қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 11 наурызда Орландода өтеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0