Дэвис кубогы матчына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

Дэвис кубогы іріктеу сайысында 4-5 ақпан күндері Чилимен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Юрий Щукин бастаған бапкерлік құрам мына ойыншыларға тоқтады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик, рейтингте сәйкесінше 124-ші және 195-орында тұрған Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин ел намысын қорғайды. Жұптық сында әлемнің 49-ракеткасы Андрей Голубев пен Александр Недовесов (55-орын) кортқа шығады.</span><br /><br /><span>Ойындар Ла-Серена қаласының топырақ төсенішіндегі корттарында болады. Матч жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или