Исламханға Еуропадан ұсыныс түсті

Исламханға Еуропадан ұсыныс түсті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан мансабын болгариялық «Левскиде» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Aladop телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Бауыржанға қызығушылық танытып отырған клубты Станимир Стоилов жаттықтырады.

Маман Қазақстан құрамасын басқарып жүргенде Исламханмен бірге жұмыс істеген. Оның үстіне Стоилов Қазақстан чемпионатында ұзақ уақыт қызмет атқарғандықтан, Бауыржанның қабілетін жақсы біледі.

Бұдан бөлек «Ақтөбе» мен «Каспий» клубтары жартылай қорғаушыны қатарға қосуға ниетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер