Бауыржан Исламхан: «Қайратқа» оралу ең бірінші таңдауым болды

Бауыржан Исламхан: «Қайратқа» оралу ең бірінші таңдауым болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында ұлттық құрамаға оралуы және карьерасын жалғастыру нұсқалары туралы айтып берді.

- Бауыржан сәлем! Жаңа жылмен құттықтаймын! Мереке қалай өтті?

- Сәлем! Үлкен рақмет! Сізді және барша қазақстандық футбол жанкүйерлерін жаңа жылмен құттықтағым келеді. Мереке, туыстарым мен достарымның ортасында жайлы атмосферада өтті.

– Өткен жылдың соңында ұлттық құрамаға оралдыңыз. Сізде қандай сезім болды?

- Ең алдымен, Қазақстан құрамасына оралғаныма қатты қуандым. Ұлттық құрамаға оралуды асыға күттім. Осы сәтті пайдалана отырып, федерация басшылығына және бапкерлер штабына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстан Республикасының туы астында жарысқа қатысу үлкен мәртебе және мен болашақта біздің командаға қажетті нәтижелерге жетуде пайдалы болатыныма өте қуаныштымын.

– Қазақстандық футбол жанкүйерлерін сіздің болашағыңыз мазалайды. Карьераңызды жалғастыру нұсқаларына қатысты пікір білдіре аласыз ба?

- Қазір қазақстандық клубтардан да, шетелдік командалардан да бірнеше ұсыныс бар деп айта аламын. Бұл командалармен келіссөздер тоқтап тұрды, себебі мен үшін «Қайратқа» оралу ең бірінші таңдауым болды. Өкінішке қарай, «Қайратпен» келісе алмадық, енді мен басқа да ұсыныстарды қарастырып, карьерамды жалғастыру үшін ең жақсы нұсқаны таңдаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер