Бокс

IBA рейтингінде Қазақстан бірінші орынға шықты

IBA рейтингінде Қазақстан бірінші орынға шықты

IBA рейтингінде Қазақстан бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан бірінші орында. Халықаралық бокс қауымдастығы жылды қорытындылап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес ұлттық құрама жалпы есепте бірінші орынға көтерілді. Қайрат Сәтжанов баптайтын жігіттер еншісінде  48 100 ұпай бар. Екінші орынға Өбекстан құрамасы жайғасты және қос команда арасындағы айырмашылық айтырлықтай үлкен. Көрші елдің жігіттері 37 600 ұпай ғана жинады. Үздік үштікті Үндістан түйіндеп тұр.

IBA рейтингіне бас-аяғы 135 елдің  боксшылары енгізілген. Ал, ондағы ұпай құрлықтық және әлемдік чемпионаттардағы жетістіктірмен есептеледі.

Айта кетейік, Иорданияла өткен соңғы Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын жеңіп алған болатын. Халықаралық бокс қауымдастығы сайтында, әсіресе, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қонкабаев, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов Сағындық Тоғамбай, Нұрлан Сапарбай және ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың есімі ерекше аталып өткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0