Головкин, Әлімханұлы және Нұрсұлтановтың әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Головкин, Әлімханұлы және Нұрсұлтановтың әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Белгілі vRINGe.com сайты түрлі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңарған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) бірінші орында тұр. Дәл осы салмақтағы WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 11 КО) оныншы сатыға жайғасқан.

Супер орта салмақта Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бесінші орынға ие болды. Айта кетерлігі, отандасымыз орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеуінің иесі.

Головкин кейінгі жекпе-жегін екінші орта салмақта өткізді. Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или