Әлем футболы

Криштиану Роналду ең көп жалақы алатын футболшы атанды

Криштиану Роналду ең көп жалақы алатын футболшы атанды

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду футбол тарихында ең көп жалақы алатын ойыншы атанды.

Marca сайтынан мәлім еткеніндей, 37 жастағы Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубында жарнамалық келісімшарттарды қоса есептегенде, маусымына 200 млн-дай еуро алатын болады. Бұл – футбол тарихындағы ең көп жалақы.

Роналдудың жалақысы саудиялық клубпен келісімшарт бойынша 100 млн еуроға жетіңкіремейді. Коммерциялық құқықтарды жүзеге асырудың нәтижесінде қалған қаржының орны толады. Португалиялық ойыншы 2,5 жылға дейін келісімшартқа отырды. Дегенмен ол 2030 жылға дейін сол жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беретін Сауд Арабиясының елшісі рөлін атқармақ.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0