United Cup: Қазақстан қатарынан бесінші кездесуінде жеңілді

United Cup: Қазақстан қатарынан бесінші кездесуінде жеңілді

Австралияда тұңғыш рет United Cup командалық турнирі өтуде, онда үш команда - Польша, Швейцария және Қазақстан турнирдің В тобында бақ сынауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 30 желтоқсанда Швейцария мен Қазақстан спортшылары арасында ойындар өтті. Александр Бублик Стэн Вавринкамен ойнап, 7:6, 6:3 есебімен ұтылды.

Төртінші ойында Жібек Құламбаева Гиллес Тайхманнан жеңіліп қалды – 3:6, 2:6.

Микс санатындағы финалдық кездесуде қазақстандық дуэт А.Бублик пен Ж.Құламбаева швед спортшылары Марк-Андре Хуслер мен Жилл Тайчманға есе жіберді. 1 сағат 25 минутқа созылған кездесу екі сетте 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Осылайша, Швейцария 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ертең, 31 желтоқсанда Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекпен, Тимофей Скатов польшалық Даниэль Михальскиймен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или