русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан айырылды

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан айырылды

Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ.

Сонымен қатар, беделді BoxRec.com порталында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу бос деп көрсетілген.

Еске салайық, Данияр Елеусінов осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Лиалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO тұжырымы бойынша титул жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;