Танымал ММА промоушені Қазақстандағы турнир алдында медиа-күн өткізді. Видео
Еуразиялық ММА промоушені OCTAGON<span> </span>38 қорытынды ивенті алдында медиа-күн өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның баспасөз қызметі Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында оқиғаның ең әсерлі сәттерін жариялады.
OCTAGON 38 турнирі 21 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жекпе-жек кеші аясында жеңіл салмақтағы лига чемпионы Мәжит Сардаров, белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар, UFC-дегі тұңғыш қазақ Жұмабек Тұрсын және басқа да танымал файтерлер өнер көрсетеді.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекзат Алмахан (13-1) бразилиялық Дженилто Матоспен (10-4) жұдырықтасады.
<span>Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады</span>
Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының ресми серіктесі -<span> </span>Parmigiano Group компаниясы
Турнирдің ресми серіктесі<span> </span>1XBET букмекерлік компаниясы