Сергей Морозов UFC-дегі бесінші жекпе-жегінде қанша табыс тапты

Сергей Морозов UFC-дегі бесінші жекпе-жегінде қанша табыс тапты

UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізген қазақстандық файтер Сергей Морозовтың қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Америкалық Джорни Ньюсонға қарсы жекпе-жекте Сергей Морозов 65 мың доллар сыйақы алды. Оның 30 мың доллары айқасты өткізгені үшін, тағы 30 мың доллар жеңіске жеткені үшін берілді. Бұған қосымша бонус ретінде 5 мың доллар қосылды. Ал оның қарсыласы 29 мың доллары сыйақы алды. 

Айта кетейік, Сергей Морозов FC Fight Night 216 турнирінде Джорни Ньюсонды төрешілер шешімімен жеңіп, UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или