Әлем футболы

Пеле әлем чемпионатында топ жарған Месси мен Аргентина құрамасын құттықтады

Пеле әлем чемпионатында топ жарған Месси мен Аргентина құрамасын құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Аңыз футболшы Пеле Аргентинаны 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лео Месси лайықты түрде мансабында алғашқы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Менің сүйікті досым Мбаппе финалда үш гол соғып, пенальтиді сәтті орындады. Бұл шоу біздің спортымызға керемет сыйлық болды!

Марокконы фантастикалық жетістігімен құттықтамай тұра алмаймын. 

Аргентинаны құттықтаймыз! Әрине, Диего Марадона бәріне риза», - деп жазды Пеле Instagram парақшасында.

Еске салайық, Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны жеңді (3:3, пенальтиде 4:2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0