Хоккей

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизионға шыға алмады

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизионға шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы А тобының ойындары аяқталды.

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы алаң иесі Норвегиядан 3-5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, топта 2-орын алып, Әлем чемпионатының топ-дивизионына жолдама ала алмады. Діттеген мақсатқа жету үшін біздің хоккейшілерге негізгі уақытта жеңіске жету керек еді. Дінмұхаммед Қайыржан осы кездесудегі үздік қазақстандық ойыншы атанды (суретте).

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар Словенияны (4-2), Данияны (4-0) және Мажарстанды (3-2) жеңген. Ал алғашқы ойында күтпеген жерден Франция құрамасына (2-0) есе жіберді.

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0