«Қайсар» ойыншылары жаттығу жиынына аттанды

Бас бапкер Виктор Кумыков бастаған «Қайсар» ойыншылары оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алғашқы оқу-жаттығу жиынына 22 футболшы қатысады. Оның 11-і жергілікті, 4-еуі отандық, 7-еуі шетелдік футболшылар. Олардың арасында өткен маусымда команда сапында өнер көрсеткен Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов, Елжас Сарбай, Абылайхан Төлегенов, Жоау Педро Оливейра, Мағжан Бауыржан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Руслан Сахалбаев, Өркен Махан, Дидар Жалмұқан, Кирилл Сидоренко, Мамаду Диалло, Елисей Горшунов, Константин Горизанов секілді ойыншылар бар.
Сонымен қатар алғашқы оқу жаттығу жиынында дала қасқырлары 2 жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.