Нганну UFC-мен жаңа келісімшартқа отыруға жақын
UFC президенті Дана Уайт ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну ұйыммен жаңа келісімшартқа отыратынын растады.
«Менің ойымша, біз Фрэнсиспен дұрыс бағытта келе жатырмыз. Қараңызшы, Фрэнсистің UFC-де болуы және UFC-дегі мұрасын аяқтау керек екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Біз мәмілеге жақынбыз», - деді Уайт.
Бұған дейін Фрэнсис Нганну бокста жекпе-жек өткізуге UFC-ден рұқсат алғысы келетінін айтқан болатын. Файтер мұны келісім шартының бірі деп атады.
Нганну UFC 285 турнирінде Джон Джонспен кездеседі деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или