ММА

«Сарнавским және Есқараевпен спарринг? Олардың нағыз кәсіпқой екеніне көзім жетті»

«Сарнавским және Есқараевпен спарринг? Олардың нағыз кәсіпқой екеніне көзім жетті»
news-banner7
mobile-news-top

21 желтоқсанда Алматыда OCTAGON лигасы ұйымдастырған ауқымды жекпе-жек кеші өтеді.

O38 турнирінің негізгі кардында ұйымның жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Мажит Сардаров (5-0) өнер көрсетеді. Ол жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде ресейлік Камиль Атаевпен (3-0) кездеседі. 

Сардаров Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жекпе-жегіне дайындық, отандасы Олжас Есқараевпен және бұрынғы Bellator файтері Александр Сарнавскиймен спарринг, сондай-ақ жартылай жеңіл салмақтағы жоспары туралы айтты.

– Мажит, жазда жеңіл салмақта чемпион атандың, алдағы жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді. Мұндай шешім қабылдауға не түрткі болды?

– Екі салмақта чемпион болғым келеді. Сол үшін осындай шешім қабылдады.

– Статистикаға сенсек, кәсіпқой спорттағы барлық жекпе-жегіңізді жеңіл салмақта өткіздіңіз. Салмақ категориясының өзгеруі сізге қалай әсер етуі мүмкін және қандай қиындық болуы мүмкін?

– Ешқандай қиындық болмайды деп ойлаймын. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсету маған аса қиын болмайды.

– Жартылай жеңіл салмақтағы бәсекелестікке қандай баға бересіз, мұнда кіммен жекпе-жек өткізгіңіз келеді?

– Ресейлікпен маңызды жекпе-жек өткізгелі отырмын. Осы жекпе-жектен кейін мұнда ешкім маған бәсекелес бола алмайды деп ойлаймын.

– Әлеуметтік желілерге қарағанда, сіз бұрынғы Bellator файтері Александр Сарнавскиймен, сондай-ақ Виталий Слипенко және Олжас Есқараевпен бірге жаттықып жүрсіз. Мұндай серіктермен дайындықтан не үйрене алдыңыз?

– Осындай мықты файтерлермен жұмыс жасай отырып, тәжірибе жинақтап, қателіктеріңізді көресіз, мұның көмегі зор болады. 

– Есқараев пен Сарнавский де жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Олармен өткізген спаррингтен қандай әсер алдыңыз?

– Олар өз ісінің нағыз маманы, мұны өз көзіммен көрдім.

– Алдағы жекпе-жекте ресейлік Камиль Атаевпен кездесесіз. Қарсыласыңыз жайлы не айтасыз, кездесу қиын болады деп ойлайсыз ба?

– Менің ойымша, ол мықты файтер, жай қарсылас емес екені анық. Мұндай қарсыласпен кездесу тек пайдасын тигізеді.

– Атаев та сіз сияқты ММА-ға бокстан келген. Октагонда бұрынғы боксшымен жұдырықтасу қандай болады және бұл жекпе-жекке қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

 Оның ешқандай әсері болмайды. Мен кездесу барысында болатын барлық нәрсеге дайынмын.

Фото: OCTAGON, Мажит Сардаровтың инстаграм парақшасы.

Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0