Жеңіліп көрмеген OCTAGON чемпионы Алматыдағы турнирде өнер көрсетеді
Жеңіл салмақтағы қазіргі OCTAGON чемпионы Мажит Сардаров (5-0) промоушеннің Алматыда өтетін турнирінде тағы да өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы 21 желтоқсанда өтетін O38 турнирінде ресейлік Камиль Атаевпен кездеседі. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, OCTAGON 33 турнирінде Сардаров отандасы Нұрбек Тәжібаевты (5-2) төрешілер шешімімен жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне ие болған.
Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпион Дамир Төленов (8-0) әзербайжандық Роял Лейлизадемен (5-0) кездесіп, чемпиондық атағын қорғайды.
Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы
Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы