Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық «Фламенго» футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Veja басылымының хабарлауынша, «Фламенго» басшылығы Роналдуға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Роналдумен келіссөз әлі басталған жоқ, бірақ клуб қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Роналду британиялық журналист Пирс Морганға даулы сұхбат беріп, «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын бұзғаны белгілі болды. 37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или