«Ақтөбе» Қазақстан чемпионатында «Астананы» екі рет жеңді
Ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Ақтөбе» баскетболшылары өз алаңында «Астанаға» қарсы екі матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» командасы Ақтөбеге қосалқы құраммен барғандықтан, алаң иелері екі ойында да жеңіске жетті. Есеп – 103:71 және 74:53.
Қазір ақтөбеліктер 12 кездесуде 4 жеңіске жетіп, бесінші орында келеді. Ал астаналықтар екінші орында – 8 кездесуде 4 жеңіске жетті.
«Ақтөбе» – «Астана» 103:71 (32:20, 22:12, 26:20, 23:19)
«Ақтөбе» – «Астана» 74:53 (23:19 16:7 20:15 15:12)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или