Маусым қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік бапкері анықталды

Маусым қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік бапкері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылдан бастап Леонид Остроушко атындағы сыйлықты маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік бапкеріне табыстауды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы маусымда бұл марапатты Андрей Карпович жеңіп алды. Карпович бір жыл ішінде «Қызыл-Жар СК» және «Ақтөбе» клубтарында жұмыс істеп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Андрей Владимирович маусым, тамыз және қыркүйек айларында әріптестері арасында өткен сауалнамада жеңіске жетіп, бір жыл ішінде 3 рет айдың үздік бапкері атанды.

Айдың қорытындысы бойынша өтетін сауалнамада екі рет жеңісті Қазақстан кубогының иегері Александр Седнев (сәуір, шілде), сонымен қатар Константин Горовенко жеңіп алды. Горовенко алдымен мамыр айында «Атыраумен» үздік атанса, қазан айының қорытындысы бойынша «Мақтааралмен» үздік бапкерлер арасында топ жарды.

Бір жеңіс «Каспий» командасының бапкері Николай Костов Николовтың еншісінде. Ол наурыз айында үздік деп танылды.

Өткен жылы Леонид Остроушко атындағы жүлдені қазақстандық бапкер Александр Москаленко жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер