ММА

Кичигиннің сәтті дебюті, Шарипованың жеңісі және «Халктың» керемет нокауты

Кичигиннің сәтті дебюті, Шарипованың жеңісі және «Халктың» керемет нокауты
news-banner7
mobile-news-top

18 қарашада Алматыда OCTAGON Еуразиялық лигасының ұйымдастыруымен жекпе-жек кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

OCTAGON 37 аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей және Бразилия файтерлерінің қатысуымен 14 жекпе-жек өтті.

Турнирдің дебюттік кездесуі 64 келіге дейінгі аралық салмақта өтті. Онда қырғызстандық Янтар Маманов (1-1) пен Қазақстан өкілі Еркін Қажымұқан (1-0) кездесті. 18 жастағы қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Екінші кездесуде жеңіл салмақтағы қазақстандық Абдурахман Өмірзақов (1:0) өзбекстандық Нуршод Келдиоровты (1:0) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Қыздар арасындағы алғашқы кездесуде қырғызстандық спортшы Бақтыгүл Құрманбекова (1-1) кәсіпқой ММА-да дебют жасаған қазақстандық Жібек Тұрабаеваны қылқындыру әдісімен жеңді.

Алғашқы кардтың төртінші жекпе-жегінде UFC файтері Рафаэль Физиевтің бұрынғы қарсыласы әзербайжандық Гундуз Набиев (4-3) мен Расул Кымбатбек уулу (1-0) кездесті. Төреші орта салмақтағы жекпе-жекті бірінші раундта-ақ тоқтатуға мәжбүр болды, Набиев мансабында қатарынан бесінші рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Келесі болып октагонға 22 жастағы өзбекстандық Абдулазиз Сотволдиев (2-3) пен қазақстандық Бауыржан Қалмұрзаев (2-0) шықты. Бұл жекпе-жекте аса үлкен тартыс болған жоқ, Қалмырзаев техникалық нокаутпен жеңісті тойлады.

Кештің алтыншы жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы өзбекстандық Зухриддин Бойдадаев (3-1) пен жеңіліп көрмеген қазақстандық Бақдәулет «Дойт» Әмірбек (4-0) кездесті. Аса тартысты өткен жекпе-жекте Әмірбек жеңіске жетті.

Алғашқы кардтың соңғы жекпе-жегінде қырғызстандық «танк» Мақсатбек Жолдош уулу (7-2) мен әзербайжандық Тахмаз Ализаде (5-4) кездесті. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек 30 секундта аяқталды, Жолдош уулу қарсыласын нокаутқа жіберді.

O37 эйн-карды белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтарды жеңген Одилхон Камолов (3-0) пен қазақстандық «Джакс» Жақсылық Тұрсынбай (1-1) арасындағы жекпе-жекпен басталды. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Келесі болып октагонға жеңіл салмақта промоушен Гран-приінің жартылай финалистері Айваз Айдинов (4-1) пен Досбол Елеген (10-6) шықты. Қазақстандық спортшылар тартысты жекпе-жек өткізіп, Айдинов жеңіске жетті. Гран-при финалында ол қырғызстандық Илимбек Ақылбек уулуымен кездеседі. Ол кездесуде жеңіл салмақтағы вакантты белбеу мен 10 000 доллар сарапқа салынады.

Жанкүйрелер қазақстандық Фируза Шарипованың (1-0) жекпе-жегін асыға күтті. Даңқты жерлесіміз әзербайжандық Гюнель Аммрбаковамен (1-1) кездесті. Жекпе-жек алғашқы бес минуттың соңында қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Кештің он бірінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер Тэимур Жапаров (10-3-1) пен Тәжікстан өкілі Амирхон Атаханов (4-1) кездесті. Бұл кездесуде Жапаров төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Кештің негізгі жекпе-жегі алдында танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов ММА-да дебют жасады. «Сартай батырдың» қарсыласы Әзербайжан спортшысы Махаррам Ахмадов (2-1) болды. «Жаужүрек мың бала» фильмінің актері бірінші раундтың соңында жеңіске жетті.

Титулдық жекпе-жек алдында бұрынғы Fights Nights чемпионы, OCTAGON дебютанты Георгий Кичигин (25-10) өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алессандро Хасеммен (7-3) кездесті. Отандасымыз екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, үш кездесуге созылған сәтсіз сериясына нүкте қойды.

OCTAGON 37 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның ауыр салмақтағы чемпион белбеуі сарапқа салынды. Онда қырғызстандық «Халк» Исламбек Бақтыбек уулу (6-2) мен ресейлік Владимир Рудак (3-1) кездесті. Үшінші бес минуттықта Рудак оң жақтан ауыр соққы жіберіп алды, осында кейін қырғызстандық файтер қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Еуразиялық промоушеннің келесі кеші - OCTAGON 38 21 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер