2022 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың үздік бапкері анықталды

2022 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың үздік бапкері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы бірнеше номинациялар бойынша 2022 жылғы маусымның үздік ойыншыларын анықтау мақсатында Бірінші Лиганың бас бапкерлері мен команда капитандары арасында сауалнама өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауалнама қорытындысы бойынша қызылордалық «Қайсардың» қазақстандық маманы Сұлтан Әбілдаев Біріншіліктің үздік бапкері атанды. Барлық дауыстарды қосқаннан кейін 52-жасар бапкер 42 ұпай жинады. Сұлтан Тоқатайұлының басшылығымен қызылордалық команда Бірінші Лиганың турнир кестесінде екінші орынға ие болды.   

Үздіктер арасында 39 ұпай жинаған «Жетісудің» бапкері Алмас Күлшінбаев екінші орынға ие болды. Үздік үштікті көкшетаулық «Оқжетпестің» бапкері Сергей Попков қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0