Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді

Ultimate Fighting Championship (UFC) келер жылы Қазақстанда турнир өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала айтты.
«Қазақстанда турнир өткізу үшін UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. 2023 жылдың аяғында немесе 2024 жылы өтуі мүмкін», - деп келтіреді Нұрбек Қарабаланың сөзін Sports.ru басылымы.
Айта кетейік, Қазақстанда UFC турнирі 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты бұл жоспар жүзеге аспады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или