Шахматта Месси мен Роналдудың қайсысы жеңетіні анықталды

Шахматта Месси мен Роналдудың қайсысы жеңетіні анықталды

ХХІ ғасырдың үздік екі футболшысы – Криштиану мен Лео Louis Vuitton жарнамасы үшін алғаш рет бірге суретке түсті.

Фото брендтің әлеуметтік желілерінде пайда болды және оған: «Жеңіс – көңіл күйге байланысты» деп жазылған.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары чемодан үстінде тұрған шахмат ойынының соңында кім жеңетінін анықтады.  

«Бұл фотода Мессиге қарағанда Роналдуда артық піл бар екені анық көрінеді. Ойынның соңғы сатыда екенін және тақта ашық екенін ескерсек, бұл ойын Криштиануға үлкен артықшылық береді. CR7 шахматтағы Мессиден жақсы деп айтуға болады» деген әлеуметтік желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұл суретті Джон Леннон, патшайым Елизавета II, Майкл Джексон, Билл Гейтс, Рианна және басқа да танымал тұлғаларды түсірген америкалық фотограф, әйгілі Энни Лейбовиц түсірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0