Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 қарашадан 20 қарашаға қараған түні Жұмағұлов Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Vegas 65 турнирі аясында америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасады.
Шара қарсаңында қазақстандық спортшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жалғастың салмағы 57,15 келі болды.
Қазіргі уақытта қазақстандықта әлемнің үздік промоушенінде бір жеңіс және төрт жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или