Фируза Шарипова ММА-дағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова (1-0) OCTAGON 37 турнирінде аралас жекпе-жектен екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Танымал қазақстандық спортшының қарсыласы әзірбайжандық Гүнел Әмірбақова болды (1-1).
Шарипова жекпе-жекті белсенді бастап, қарсыласын партерге құлатып, қылқындырып, жеңілісін мойындауға мәжбүр етіп, ММА бойынша екінші рет қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
Жеңіске жеткен соң Шарипова келесі жекпе-жегін 23 желтоқсанда Мәскеуде өткізетінін мәлімдеді.
<span>OCTAGON 37 жекпе-жек кешінің басты оқиғасы қырғызстандық «Хулк» Исламбек Бақтыбек ұлы (6-2) мен ресейлік Владимир Рудак (3-1) арасындағы ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жек болмақ.</span>
Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group
Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы