Теннис

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондықта тұр

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондықта тұр

Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 9-дан 10-орынға сырғығанымен, үздік ондықта қалды.

Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр.

Қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын.

Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді.

Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді:

1. Аустралия - 1142;

2. Швейцария - 1041;

3. Испания - 929;

4. Чехия - 922;

5. Франция – 910;

6. Канада - 815;

7. АҚШ - 793;

8. Словакия - 779;

9. Германия - 777;

10. Қазақстан – 739

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0