БАӘ — Қазақстан жолдастық матчының төрешілері анықталды

Футболдан Қазақстан құрамасы 19 қарашада Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Ойынға мысырлық төрешілер тобы қазылық жасайды. Бас төреші — Махмуд Закарья Аль-Банна, оған қос қапталдан Ахмед Хоссам Эль-Дин мен Сами Мухаммад Абу Зейд көмектесседі.
<span>Zayed Sports City Stadium-да</span> өтетін жолдастық матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.
БАӘ құрамасы ФИФА рейтингісінде 69-орында тұр.
Айта кетейік, 16 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Ташкентте Өзбекстан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или