Бокс

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласының есімін атады

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласының есімін атады

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымы рейтингінің көшбасшысы мексикалық Хайме Мунгияға қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

13 қарашада таңертең Лас-Вегаста Әлімханұлы ұлыбританиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңіп, WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағын алғаш рет қорғаған. Бұған дейін WBO президенті Әлімханұлы жеңіске жетсе, чемпиондық атағын мексикалық Хайме Мунгуияға қарсы кездесуде қорғауға міндеттейтінін айтқан еді.

«Мунгия менімен жекпе-жек өткізуге келіседі деп үміттенемін және күтемін», - деп жазды Жәнібек Твиттерде.

Мунгияда 40 жеңіс пен 0 жеңіліс бар. Ол орта салмақтағы WBO рейтингінде бірінші орында тұр. Хайме жартылай бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері. Ол рингке 19 қарашада Гвадалахарада (Мексика) аргентиналық Гонсало Корияға жекпе-жекте шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0