Бокс

Қазақстан бокстан Азия чемпионатында үздік атанды

Қазақстан бокстан Азия чемпионатында үздік атанды

Иордания астанасы Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Қазақстан жүлделер кестесінде бірінші орынды иеленді.

Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде бірінші орынға тұрақтады. Біздің боксшылар 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола медальді жеңіп алды. Екінші орынға Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) жайғасса, үздік үштікті Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола) түйіндеді. 

Алтын

Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг), Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) 

Күміс

Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг), Гүлсая Ержан (81 кг) 

Қола

Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршеева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг)

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0