Теннис

Алматыда үстел теннисінен ел біріншілігі басталды

Алматыда үстел теннисінен ел біріншілігі басталды

Алматыда үстел теннисінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарыстың ерекшелігі тек кіл мықтылар ғана қатыса алады. Яғни Қазақстанда рейтинг бойынша үздік ондықта жүрген ұл-қыздарға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берілген. Жеңімпаздар ұлттық құрамаға шақырту алып, болашақта әлемдік аренада ел намысын қорғайды. Қарағандылық Әмір Торғайбеков пен астаналық Тимофей Герасименко және шымкенттік Қасым Нұрислам мен Бағдәулет Сауырбай секілді тәжірибелі спортшылар алғашқы іріктеу кезеңінен іркілмей өтті.

Сондай-ақ Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылынан шыққан Шұғыла Мұқаштың да аяқалысы жақсы. Үш бірдей қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан Шұғыла финалдық кезеңге жолдама алды. Жарыс жеңімпаздары жексенбі күні анықталады.

Ердәулет Оразбаев, үстел теннисінен аға жаттықтырушы /Шымкент/:

-  Үстел теннисі Қазақстанда қазір қарқынды дамып жатыр. Өздеріңіз білетіндей Қазақстанның 8 қаласында үлкен осындай спорт кешендері теннис орталықтары салынып жатыр. Шетелден жаттықтырушылар шақыртылып жатыр. Ұлттық құраманың да жақсы жетістіктері бар. Атап айтар болсақ, жақында ғана қарағандылық Алан Құрманғалиевтің жасөспірімдер арасында Азия чемпионтының қола медалін жеңіп алды. Оның өзі үлкен жетістік деп білеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0