Азия чемпионатының финалында екі қазақ боксшысы кездеседі

Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатында екі қазақ алтын жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.
12 қарашада 92 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Айбек Оралбай мен өзбекстандық этникалық қазақ Мадияр Сайдрахимов «алтын» үшін жұдырықтасады.<br />Жартылай финалда Оралбай ирандық боксшы Туфан Шарифиді ұтты – 5:0. Дәл осындай есеппен Саидрахимов жартылай финалдық жекпе-жегінде Иордания өкілі Ахмад Сулейманнан басым түсті.
Оралбай 2018 жылғы жастар арасындағы Олимпиада чемпионы болса, Сайдрахимов былтыр әлем әскерилері ойындарының жеңімпазы және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын еді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или