Бокс

Азия чемпионаты: Финалға шыққан боксшылар анықталды

Азия чемпионаты: Финалға шыққан боксшылар анықталды

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға жолдама алған қазақстандық боксшылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтардан бірінші болып рингке жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай шықты. Ол 48 келіге дейінгі салмақта үндістандық Говинд Кумар Саханимен жұдырықтасып, 4:0 есебімен жеңді.

Дүниежүзілік біріншіліктің күміс жүлдегері Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық, әлем чемпионы Шахзод Музафаровтан басым түсті.

57 келі салмақтағы Серік Теміржановтың қарсыласы үндістандық Хуссам Уддин Мохаммед рингке шықпай, қазақстандық боксшы финалға жолдама алды.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекованың да қарсыласы жарақатына байланысты шықпады. 

Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевты 3:2 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0