Жәнібек Әлімханұлы: Біз ашпыз, біз төрт салмақтың белбеуіне ашпыз!

Жәнібек Әлімханұлы: Біз ашпыз, біз төрт салмақтың белбеуіне ашпыз!

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) 13 қарашада кезекті жекпе-жегі өтетін Лас-Вегасқа барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аллаға шүкір, тарих жасадық. WBO чемпиондық белбеуін Қазақ жері алып келген тұңғыш қазақ болдық. Ел қуанды. Жұрт мақтанды. Бұйыртса осы жексенбі сол титулды қорғаймыз. Өте маңызды кездесу. Сол үшін де жоғары деңгейде дайындық жасадық.

Сенімдеріңізге рақмет! Құдай қаласа әлемді шулатамыз. Ірі сөздер мен ірі істер енді басталады. Барлығы жоспармен болып жатыр. Біздің мақсатты жақсы білесіздер! Біздің команданы жақсы білесіздер! Біз ашпыз, біз төрт салмақтың белбеуіне ашпыз! Құдай қаласа тағы да тарих жасаймыз!», - деп жазады бокс Instagram парақшасында.

Жәнібек чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды. Қарсыласы - 27 жастағы британиялық боксы Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО).

Қазақстан уақыты бойынша қарашаның 10-нан 11-не қараған түні боксшылар қорытынды баспасөз мәслихатын өткізіп, жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или