Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді. <span>Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады. </span>
– Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық.
Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или