Карина Ибрагимова Азия чемпионатында алтын жүлдеге таласады

2022 жылы Амманда (Иордания) өтетін бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның үшінші финалисті анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда филиппиндік Нести Петесиомен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Осылайша, Ибрагимова турнирдің финалына шығып, құрлық біріншілігінің «алтынын» сарапқа салады.
Биылғы жылы Карина Ибрагимова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или