Теннис

Рыбакина Дартты жеңіп, Билли Жан Кинг кубогында Қазақстанға жеңіс сыйлады

Рыбакина Дартты жеңіп, Билли Жан Кинг кубогында Қазақстанға жеңіс сыйлады

Бірінші ракетка Елена Рыбакина Билли Жан Кинг кубогы аясында Ұлыбританияға қарсы ойында Қазақстанға мерзімінен бұрын жеңіс әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кездесуде Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина британдық Гарриет Дартты 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Қазақстандықтардың келесі қарсыластары Испания теннисшілері болмақ.

Билли Жан Кинг кубогы әйелдер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Турнирді Халықаралық теннис федерациясы ұйымдастырады. 2020 жылға дейін ол Федерация кубогы деп аталды, қыркүйекте ол америкалық теннисші Билли Жан Кингтің құрметіне өзгертілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0