Командалық

Маркелл Джонсон «Астана» ойыншысы атанды

Маркелл Джонсон «Астана» ойыншысы атанды

«Астана» қорғаушы Маркелл Джонсонмен келісімшартқа отырды.

Ол баскетболды Огайода Шығыс техникалық орта мектебінің командасы үшін ойнай бастаған. Әуесқой спорт одағының жазғы бағдарламасында НБА аңызы Леброн Джеймспен байланысты King James Shooting stars командасында өнер көрсетті. 2016 жылы колледжге түскеннен кейін Маркелл Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінің командасына қатыса бастады.

Төрт маусымда ол орташа есеппен 9.7 ұпай жинады, сонымен қатар бір ойында 3 рет допқа бірінші жетіп, 5.1 нәтижелі пас және 1.4 тосқауыл жасады.

Маркеллдің кәсіби мансабы 2020 жылы «Бешикташпен» екі жылдық келісімге қол қойған кезден басталды. 2020/21 жылғы маусымда ол түрік Суперлигасында 26 матч өткізді, матчта орташа есеппен 7 ұпай, 2.4 доп және 4.5 пасқа ие.

Содан кейін ойыншы 2021/22 жылғы маусымды литвалық «Пено Жвайгждесте» өткізді. Оның орташа көрсеткіштері: 12 ұпай, 3.4 доп және бір ойынға 4.3 пас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0