Ташкентте ерлер арасында бокстан рекордтық жүлде қоры бар әлем чемпионаты өтеді

ХБА президенті Умар Кремлев Дубайда өткен баспасөз мәслихатында бокстан ерлер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте 1 мамыр мен 14 мамыр аралығында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен бокстан IBA ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте жоғары деңгейде өтіп, тарихтағы үздіктердің біріне айналатынына сенімдімін. Өзбекстанда болдым, бокс турнирлерінің қалай ұйымдастырылатынын көрдім. Кәсіби шеберлігімен және боксқа деген сүйіспеншілігімен олар үлгі бола алар еді. Мен Ташкентте жаңа чемпиондардың тәж киюін асыға күтемін», - деді ХБА президенті Умар Кремлев.
Оның айтуынша, рекордтық жүлде қоры – 5,2 миллион АҚШ доллары болады. Бірінші орынға 200 000 доллар, екінші орынға 100 000 доллар және әрбір қола жүлдегерге 50 000 доллар беріледі.