Қазақстандық боксшылар Кёльндегі турнирден олжалы оралды

Қазақстандық боксшылар Кёльндегі турнирден олжалы оралды

Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Әлем Кубогы деген атау алып, биыл 4-мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Қазақстан құрамасы сапындағы Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) чемпион атанды.

Ал Армат Арманұлы (71 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Назым Ишанова финалда қарсыласының мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Ал К.Мұратұлы (51 кг), Диас Молжігітов (75 кг), И.Аширов (75 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұрлан Сапарбай (+ 92 кг); әйелдерден Анель Сақыш (54), Надежда Рябец (66 кг) пен Анастасия Баязитова қола жүлдеге қол жеткізді.

Дүбірлі додада әйелдер арасында үздік боксшы атағына Наталья Богданова ие болды.

Айта кетейік, мұнда бір апта бойы Аустрия, Аустралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Қазақстан, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері (90 еркек, 37 әйел) күш сынасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или